Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
Фото: azertag.az
Иран парламенті комитеті америкалық, израильдік және басқа да «жау» елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл туралы ирандық Fars ақпарат агенттігі депутатқа сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұсынылған заң жобасына сәйкес, енгізілген шектеулерді бұзған кемелерге жүктің жалпы құнының 20 пайызына дейін айыппұл салу қарастырылған.
Иран депутатының айтуынша, заң жобасы әлі де сарапшылардың қарауында. Парламент құжатты түпкілікті қабылдамас бұрын мамандарды өз ұсыныстарын беруге шақырған.
Бұл жаңалыққа мұнай нарығы да бірден әсер етті. Bloomberg агенттігінің жазуынша, трейдерлер Fars агенттігінің хабарламасын Парсы шығанағы елдерінен мұнай экспорты жақын уақытта шектеулі болып қала береді деген белгі ретінде қабылдаған.
Сонымен қатар, 6 тамыз, бейсенбі күні Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясы әскерилерінің шоғырланған жерлеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ал бір күн бұрын олар Қызыл теңізде, Янбу мұнай экспорт терминалы маңында саудиялық танкерге шабуыл жасағанын хабарлаған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үшін «жақсы келісімге қол қоюдың соңғы мүмкіндігі» екенін айтқан болатын. Ол сондай-ақ бұған дейін жоспарланған соққылардан бас тартып, Парсы шығанағындағы одақтастардың өтініші бойынша келіссөздерді жалғастыруға уәде берген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық