«Жансақтау бөліміндегі сарбаз»: Бір жылға созылған Отардағы сот қайта басталды
Фото: Orda.kz
Алматы гарнизонындағы әскери прокуратура Отардағы сарбаз Нұржігітті ұрып, жансақтау бөліміне түсірген сержант Дастан Тұрланға қатысты сотты араға үш ай салып 7 сәуір күні қайта бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 17 мамырда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, Отардағы 30/212 әскери бөлімшесіне қабылданды. Әскер қатарына қабылданғанына 1 ай толмай, жансақтау бөліміне түсті. 29 маусымда ант қабылдауы керек еді. Бірақ 9 маусымда оның жансақтау бөліміне түскені туралы хабар келді. Тамағы құрғап тұрғанын сезіп, ол тамағына дәрі шашқан. Нұржігіттің айтуынша қалтасына дәріні салып жатқан кезде оны кіші сержант Дастан Тұрлан байқап, ішінен, оң жақ көкірегінен ұрған. Салдарынан Нұржігіт қатты ауырып, жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түсті.


Қазір Дастан Тұрланның үстінен Қылмыстық кодекстің 451-бабы «Билікті асыра пайдалану» бойынша іс қозғалды. Алайда жәбірленуші тарап істі 451-баптың 2-тармағына, яғни «Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану» деп ауыстырғысы келеді.
Араға үш ай салып сот отырысы қайта басталды. Алдыңғы сот отырысында прокурор үшінші экспертиза тағайындаған болатын. Содан бері үш ай өтті.
Отарда комаға түскен сарбаздың соты қайта басталды
Дәрі ішкені үшін сержанттан соққы жеп, жағдайы нашарлап жансақтау бөліміне түскен Нұржігіт Әбділпаттаның бір жылға жуық жүрген сот отырысы қайтадан басынан басталды. Бұған дейін қылмыстық істі қараған судья отставкаға кеткен.


Бұл жолы сот отырысына сарбазды ұрған айыпталушы кіші сержант Дастан Тұрланның анасы бірінші рет онлайн қатысты.
Қал ма, соққының орны ма?
Сотта айыпталушының адвокаттары жасалып жатқан сот-медициналық сараптамасына шағым келтірді. Айтуларынша, сарбаздың денесіндегі қалын сараптама жарақат етіп көрсеткен, сондай-ақ адвокаттарды сараптама жұмысына қатыстырмаған. Сол себепті адвокаттар судьядан сот-медициналық сараптамасын қайта жасауды сұрады.
«Бұрынғы судья жұмыстан кеткен соң, бізге бір алынбас қамал пайда болды. Сараптама жасаған да ешкім бізге хабарлама бермеді, қандай да бір сұрақтарыңызға құзырлы мамандар жауап бермейді», - дейді айыпталған кіші сержанттың адвокаттары.


Айта кетейік, бұл жолғы сот отырысында айыпталушы тараптың адвокаттары қатты қобалжыды.
Мен кінәлі емеспін...
Ал айыпталушы кіші сержант Дастан Тұрлан таққан айыпты мойындамаймын дейді. Бұған дейінгі сот отырыстарында да ол кінәм жоқ деумен болған. Жансақтау бөліміне түскен сарбаздың ата-анасы айыпталушы тарап бір де бір рет кешірім сұрамағанын айтқан еді.
Экс-судья өткізген соңғы сот отырысында дәрігерлер түсініктеме берді. Алайда әртүрлі дәрігер маман диагнозды үтір, нүктесіне дейін бірдей етіп көшіріп бергені анықталды. Айта кетейік, дәрігерлер екі өкпесі қабынған деп диагноз қойған, бұдан басқа да бірнеше диагноз бар.
Сарбаз Әбділпатта сержант Тұрланмен еш сөзге келмеген, өйткені ол басқа ротаның сержанты болған. Тіпті сарбазды ұратын күні сержант Тұрланның бұйрық беруге еш құқы да болмаған.
Әскерге сау барып, әрең жаны қалған сарбаз сот отырысында денесінің қай тұсынан соққы жегеніне дейін көрсетті.
Айыпталушы сержант Тұрланның анасы да сарбазға сұрақ қоюмен болды. Алайда сарбаз алғашқы берген жауаптарын айна-қатесіз қайталаумен болды.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі «Авиценна» жоғары медицина колледжінде 1-курста оқып жүрген Нұржігіт Әбділпатта өз еркімен сұранып әскери борышын өтеуге аттанған. Алайда ант қабылдап үлгермей жатып, оны дәрі қолданғаны үшін кіші сержант Тұрлан бауыр тұсынан қатты соққан. Бұл өткен жылы 6 маусым күні болған оқиға. Дәл сол сәттен бастап бір үйдің жалғыз баласы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті. Ата-анасы бұл оқиғаны тек үш күннен кейін ғана естіді. Туыстарының айқайынан кейін ғана ұрған сержант ұсталған, оған дейін еш алаңсыз жұмысын істеп жүре берген.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі әскерден мүгедек болып қайтқан, Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын. Ербаянның жағдайы халықты бей-жай қалжырмады. Қоғамда бұл жағдай үлкен резонанс тудырды.
Бұған дейін Orda.kz TikTok желісінде азаматтық киімдегі ер адамның Ұлттық гвардия әскери формасындағы адамды ұрып, оны қорлайтын сөздер айтып жатқан бейнежазбасы тарағаны жайлы жазған болатын.
Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінен табылды.
Ал 9 қыркүйекте міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.
Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы мен әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық