Жанәбіловтерден тәркіленген көліктер аукционға шығарылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz
Ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтерге тиесілі болған тәркіленген сегіз Hyundai Elantra автокөлігі саудаға қойылды. Электронды аукцион 2026 жылғы 7 шілдеде өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Аталған сегіз лот электронды сауда алаңында жарияланған. Барлығы да 2025 жылы шығарылған, түрлі түсті Hyundai Elantra маркалы көліктер. Олар бұрын блогерлердің бақылауында болған «ZHANA BUSINESS» ЖШС-ның атына рәсімделген.
Бұған дейін Жанәбіловтер 10 автокөлікті ұтысқа тігуді жоспарлағандарын, ол үшін қатысушылар блогерлер ұсынған курсты сатып алуы тиіс екені туралы әлеуметтік желілерде жар салған болатын.
Қазіргі таңда көліктер аукционға шығарылып, 2026 жылғы 7 шілдеде саудаға түседі. Сипаттамада бұл мүлік мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру үшін ұсынылмайтыны көрсетілген.
Дегенмен өтінім беруге тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ президент қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылымдарға, саяси мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Парламенті депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін органдарға рұқсат етілгені айтылған.
Қазір лоттардың мәртебесі «мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру және бекіту» деп көрсетілген. Бастапқы баға 0 теңге болып белгіленгенімен, әрбір автокөліктің бағалау құны 8 395 000 теңге болған.
Еске салсақ, 13 наурызда Астана сотында блогерлер Жанәбіловтерге қатысты жаңа іс бойынша алдын ала тыңдау басталған болатын. Бұған дейінгі сот процесі баптың қатаңдатылуына байланысты тоқтатылған еді.
Тергеу барысында блогер Ерболат Жанәбілов әріптесі Дархан Жолшыбековке ұқсас іс қозғалғанын, бірақ ол әкімшілік жауапкершілікпен шектелгенін айтқан. Ал оның жұбайы Эльмира Төлегенова тергеу кезінде өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеген.
Соңғы сөзінде Төлегенова процестік келісімге келгісі келетінін айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Прокурор ұсынысы бойынша, келтірілген 247 млн теңгеден астам шығын өтеліп, айып толық мойындалған соң, Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кейінге қалдыру, ал Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза беру ұсынылды.
27 сәуірде сот үкімі шықты. Сот блогерлерді заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру (жылыстату) баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Сонымен қатар сот шешімімен қылмыстық қаражатқа алынған 17 дана iPhone 16 смартфоны мен 8 автокөлік тәркіленді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық