Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
Фото: Orda.kz
Қорғаушы Гаухар Айтжанова қорғауындағы сотталған ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты көпшілік амнистия жөніндегі шешімді күтіп отыр.
«Әзірге заң жобасын көрген жоқпын, сондықтан нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ тәжірибеде экономикалық қылмыстар бойынша келтірілген шығын толық өтелсе, жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. Кей жағдайда толық босату да қарастырылуы ықтимал», – деді адвокат.
Сонымен қатар ол қорғаушы ретінде қазіргі нәтижеге қанағаттанатынын жеткізді.
«Мен қорғауымдағы азаматтардың бостандықта жүретініне ризамын. Біз апелляциялық шағым түсірмейміз. Екі жылға кейінге шегеру берілді. Екі жылдан кейін, егер Эльмира тарабынан қандай да бір бұзушылықтар болмаса, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасалмаса, сот өкінгенін және талап-арыздың өтелгенін ескере отырып, оны әрі қарайғы жазадан босатуы мүмкін», – деді ол.
Еске сала кетейік, Жанәбіловтер тергеумен келісімге келген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық