Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
Бейнеден кадр
Сот шешімімен блогер Ерболат Жанәбілев екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы Эльмира Төлегенова кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылып, ол да екі жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
22 сәуірде айыптау тарабы ерлі-зайыптыларға төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған, алайда 27 сәуірде өз ұстанымын жұмсартты.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Жанәбілевтер автокөлік ұтысын жариялап, оған қатысуды тек ақылы онлайн-курсты сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді еткен. Бұл жағдай қоғамда сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағымдар түсті, себебі заң бойынша лотереяларды тек ресми ұйымдастырушылар ғана өткізе алады.
Нәтижесінде іс сотқа жетіп, бастапқыда олар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кейін сот блогерлердің әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін байқап, материалдарды Қаржы мониторингі агенттігіне жолдады. Агенттік қылмыстық іс қозғады.
Еске салсақ, бүгінгі сотта блогер Эльмира Төлегенова бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған болатын.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 48-бабына сәйкес блогерлердің мүлкі мемлекет меншігіне:
- 128 ГБ жадысы бар iPhone 16 маркалы 17 ұялы телефон;
- Hyundai Elantra маркалы 8 автокөлік тәркіленеді.
«Lamborghini Urus және Lexus LX600 маркалы автокөліктерге салынған тыйым үкім заңды күшіне енгеннен кейін алынып, иелеріне қайтарылсын. Әрбір сотталушыдан жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңге көлемінде мәжбүрлі төлем өндірілсін», – деп судья үкімді оқыды.
Мұндай шешім Жанәбіловтер мен айыптау тарабы арасында жасалған процестік келісім негізінде қабылданды.
Сотталушылар өз кезегінде келісім шарттарымен толық келіскенін және 247 млн 653 мың теңге көлеміндегі шығынды толық өтегенін мәлімдеді.
Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Жанәбіловке тағайындалған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп есептеліп, жаза мерзімінің бүкіл кезеңіне пробациялық бақылау белгіленді.
Оған тұрақты мекенжайын рұқсатсыз өзгертпеу, түнгі уақытта үйден шықпау, алкоголь ішілетін орындарға бармау және пробациялық бақылау талаптарын сақтау міндеті жүктелді.
Оқи отырыңыз:
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін алған Владимир Шремф «тірілді»
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық