«Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
Фото: instagram/ @zhanabylov_e
Астана қаласының қылмыстық соты Ерболат Жанәбіловтен жауап ала бастады, блогер өзінің кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетейік, Жанәбіловтердің үстінен екі қылмыстық бап бойынша іс қозғалды.
- ҚР ҚК 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік;
- ҚР ҚК 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату).
Ерболат Жанәбілов заңсыз кәсіпкерлік бабын мойындаса, алайда ақша жылыстату бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Ол әкімшілік іс қаралған кезде өзіне ықтимал салдарлар толық түсіндірілмегенін атап өтті.
«Кінәмді ішінара мойындаймын. Әкімшілік іс қозғалған кезде бізге ештеңе түсіндірілмеді, бұл дұрыс емес, лотерея ережесін бұзу екені айтылмады. Біздің адвокат Олег Чернов бізге ешқандай құжатқа қол қоймаңдар, себебі бірнеше айдан кейін бізге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деді. Сол кезде комитетте мен де, жұбайым да құжаттарға қол қоюға дайын едік. Ісімізге Ғаухар Айтжанова араласқаннан кейін ғана біз прокуратураға барып, жай ғана адамша ашық сөйлесуге болатынын білдік», – деді блогер.
Сондай-ақ ол қорғау тарабы жағдайды реттеуге тырысқанын, келісім жасау ұсынылғанын, бірақ іс төңірегіндегі қоғамдық резонансқа байланысты бұл мүмкін болмағанын жеткізді.
«Мен бұған дейін бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқпын, сұхбат та бермедім. Мен қорықтым. Мен қарапайым блогермін, аспаннан түскен байдың баласы емеспін. Біз алты адам тұратын 13 шаршы метрлік жатақханада 18 жыл өмір сүрдік. Жұбайыммен де сол жатақханада таныстым. Қолымызда ештеңе болған жоқ, бәрін екеуміз бірге нөлден бастадық. Ал қазір бізді қылмыскер, алаяқ ретінде көрсетіп жатыр», – дейді сотталушы
Еске сала кетейік, бір ай бұрын блогер Жанәбіловтер отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық