Жамбыл облысындағы шопан 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды
Фото: gov.kz
Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Самат Жанеков алғаш рет Қазақстан азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлады ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің баспасөз қызметі.
Ер адам өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Тіркеудің және тұрақты мекенжайдың болмауына байланысты ол ұзақ уақыт бойы қиын өмірлік жағдайда болып, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.
Соңғы жылдары Самат Жанеков Қордай ауданының шалғай таулы аймағында шопан болып жұмыс істеген.
Қордай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері мұрағаттық деректерді жинап, жеке мәліметтерін тексеріп, қажетті сұраулар жолдап, құжаттардың толық дайындаған. Барлық кезеңде ер адамға практикалық және кеңестік көмек көрсетілген.
Нәтижесінде оның жеке басы анықталып, құқықтық мәртебесі расталды. Соның арқасында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі рәсімделді. Самат Жанеков құжатты 20 мамыр күні алған екен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық