Жамбыл облысы ТЖД қызметкері: полковник бізге жарылатын зат жоқ деді
Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан аман қалған өрт сөндірушілер журналистерге сұхбат берді. Белгілі болғандай әскери бөлімдегілер қоймада жарылатын ештеңе жоқтығын айтқан.
Қауіп-қатерден бейхабар өрт сөндірушілер оқ -дәрі қоймасын сөндіруге кіріскен. Көп ұзамай жарылыс болған.
Бұл туралы бейнежазба кеше журналист Ирина Советжанқызының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
— Алмаз — жарылыстан құдай сақтап, аман қалған өрт сөндіруші. «Жарылатын зат жоқ деп басшыларымызға айтты, олар да алданып қалған сияқты» — дейді. Ал, әскерилер шегіне бастаған. Мен кеше жағдайын айтқан, жарақаты ауыр жігіт осы, - деп жазды Ирина Советжанқызы.
Сонымен қатар журналист өрт сөндіру қызметі қарауыл бастығының сөзін келтіре отырып, бүгінгі жазбасында ақпаратты толықтыра түскен.
— Алдыңғы видеодағы Алмаздың, «қарауыл бастығы айқайлап мені тауып алып, цементтің артына тастап, келесісін құтқаруға кетті» деген азамат осы — қарауыл бастығы Мұхамеджанов. Өрт сөндірушілердің алғашқысы болып, оқиға орнына барған. «Бара сала барлау жасаймыз, старшина кім деп сұрап, жарылатын зат бар ма деп сұрадым, жоқ, — деді». Алғашқы дауыстар шыға бастағанда, тағы сұраған. Жоқ, деген жауап алыпты». Тоқтаусыз су келсе де, ол өртті өшіре алмас едік. Жарылғыш зат бар жерге бізді жақындатпауы керек еді» — дейді Байзақ ауданы, 8-өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Асыл Мұхаметжанов.
Бейнежазба Ирина Советжанқызының Facebook парақшасында.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр