Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
Фото: gov.kz
Қазақстанда жалған жұмысқа орналастыру арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты ауқымды заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осындай жалған еңбек шартын 4,4 мыңнан астам қазақстандық рәсімдеген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығына мониторинг жүргізген. Талдау нәтижесінде 13 өңірде жалған еңбек қатынастарын рәсімдеу фактілері бойынша 38 қылмыстық іс қозғалды.
«Деректер базасын талдау нәтижесінде 258 кәсіпкерлік субъектісі 4,4 мыңнан астам азаматқа заңсыз әлеуметтік төлем алу мақсатында жалған еңбек қатынастарына барғаны анықталды. Қазіргі таңда тоғыз қылмыстық іс бойынша сот үкімдері шығып, айыптау шешімдері қабылданды» деп жазылған хабарламада.
Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда заңсыз схема ұйымдастырған 12 адамды сот кінәлі деп таныды. Олар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
«Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бізге түрлі ақпараттық жүйелердегі деректерді нақты уақыт режимінде өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың басты мақсаты – әлеуметтік қолдаудың нақты адамға жетуін қамтамасыз ету және жүйеге адал қатысушылардың мүддесін қорғау. Табысты жасанды түрде арттыру немесе жалған жұмыспен қамтуды ұйымдастыру әрекеттерінің барлығы талдау кезінде анықталып, тиісті құқықтық баға беріледі», – деді МӘСҚ төрағасының орынбасары Марат Жаныбеков.
Қор қазақстандықтарды күмәнді делдалдар қызметін пайдаланбауға шақырды. Жеке деректерді «кеңесшілерге» беріп, жоғары төлем рәсімдеуге тырысу азаматтардың өздері үшін де заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық