Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Ресей екі ел аумағында мектептер салу туралы келісімге келді. Бұл туралы Астанада өткен ЕАЭО форумы дәлізінде ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында үш мектеп салуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Қазақстан Орынбор облысында, сондай-ақ Омбы мен Астрахань қалаларында осындай жобаны жүзеге асыруды ұсынды.
Жұманғариннің сөзінше, Орынбор бойынша жер телімі келісілген, ал Астрахань мен Омбыда бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін тараптар қажетті құжаттарға бір мезгілде қол қоюды жоспарлап отыр.
Министр бұл мектептерде аралас білім беру жүйесі енгізілетінін атап өтті, оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оның айтуынша, балалар мектеп қай елде орналасқанына қарамастан екі тілді де меңгере алады.
Келісімге қол қойылғаннан кейін құрылыс қысқа мерзімде басталады деп күтілуде. Министрдің бағалауынша, әрбір мектептің құрылысы бір жылдан бір жарым жылға дейін созылады.
Еске салсақ, Астанада Астанада V Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр. Биыл халықаралық пікірталас алаңында «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбы талқылануда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық