Жалған ақпарат: «алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтірді»

cover

Қызылордада «алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтірген»  деген қауесеттің авторы ұсталды.

Қызылордада жоғалған бала туралы жалған ақпарат таратып, желіні шулатқан  азаматты ұстау шаралары аяқталды. Бұл туралы жергілікті полиция басқармасы хабарлады.

Бұдан бұрын Қызылордада мессенджерлер арқылы «алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтіріп, содан кейін ғана шұңқырға тастап кеткен» деген қауесет тарады. Қалалық полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, аудиожазбаның авторын іздеп тапты.  

— Ол кінәсін толық мойындады. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабының 2 бөлімінің 3 тармақшасы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды. 

Күдіктіге үш мың айлық есептік көрсеткішіне дейін айыппұл салынып  немесе  800 сағатқа дейін  қоғамдық түзеу жұмыстарын атқару міндеттелуі мүмкін.

Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтардың жауапқа тартылатынан тағы бір рет ескертеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар