Зеленский ирандық ИРСК-ны террористік ұйым деп таныды
Фото: Zelenskiy
Зеленский Украина Ислам революциясы сақшылар корпусын террористік ұйым деп танитынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Украина президенті бұл туралы телеграм арнасында хабарлады.
«Еуропалық Одақтың Ислам революциясы сақшылар корпусын террористік ұйым деп танитыны туралы шешім қабылданды. Қазір Еуропада бұл туралы тиісті рәсімдер жалғасып жатыр. Украина бұл ұйымды террористік деп танитын шешімді әлдеқашан қабылдап қойған, мәселе жабық», – деді Зеленский.
1 ақпанда өтуі керек Ресей мен Украина арасындағы кездесу АҚШ пен Иран арасындағы даудың кесірінен кейінге шегерілген болатын. Иран Сыртқы істер министрлігі ЕО-ның ИРСК-ны террористік ұйым деп тану туралы шешімін «заңсыз, екіжүзді әрі саяси мақсаттағы қадам» деп бағалады. Олар ИРСК-ны Иран Қарулы күштерінің заңды бөлігі екенін айтып, ЕО-ның бұл шешімін сыртқы істерге араласу әрі құқыққа қайшы деп сипаттады.
Бүгінгі таңда Ислам революциясы сақшылар корпусын террористік ұйым деп танығандар:
- Украина
- Еуропалық Одақ
- АҚШ
- Канада
- Австралия
- Аргентина
- Эквадор
Айта кетейік, Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен ядролық келіссөздерге қатысты ұстанымы туралы мәлімдеме жасады. Келіссөзді бастауға Иран президенті Масуд Пезешкиан тапсырма берген.
Оқи отырыңыздар:
- Қазақстан-Қырғызстан шекарасында не болып жатыр?
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық