Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Фото: Instagram.com/adiletkhan
Алматының Алмалы аудандық сотында блогер Әділетхан Молдаханға қатысты іске бүгін нүкте қойылды. Судья Молдаханды 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты іс соңына жетті. Молдахан 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырлыды. Моралдық өтемақы ретінде Серік Шумаев пен Ержан Ұзабаевқа 2 млн теңгеден және 1 млн теңгеден сот шығындарына өтеу міндеттелді. Жалпы 6 млн теңге өтемақы төлеуге шешім шықты.
«2 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Оған 5 жыл мерзімде қоғамдық саяси, публицистикалық іспен айналысуға. Атап айтқанда, әлеуметтік желіге, телебағдарламаларға, БАҚ-қа жазбалар жариялауға тыйым салынады. Азаматтық талап бойынша Шумаев пен Ұзабаевтың есебіне 2 млн моралдық өтемақы әрі сот шығындарына 1 млн өтемақы төлеу міндеттелсін. Молдахан жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін», – деді судья Ернар Қасымбеков.
Әділетхан Молдаханға бұған дейін Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы – «Онлайн-платформаларды пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша айып тағылған еді.
Алайда, соңғы сот отырыстарында прокурор істі Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі – «Ірі залалға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қарауды сұрады. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске сала кетейік, Әділетхан Молдаханға қатысты іс Әл-Фараби даңғылында болған адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін жариялаған видеоларына байланысты қозғалды. Блогер өз жазбаларында түнгі жарысты ұйымдастыруға құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Іс бойынша Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шұмаев жәбірленуші деп танылған.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 21 наурызға қараған түні болған. Александр Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы қыз қаза тапқан.
Осы апаттан кейін ішкі істер министрі Алматы полиция департаменті бастығының орынбасарын, әкімшілік полиция мен қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшыларын қызметінен босатты. Сондай-ақ полиция басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қызметтік әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 наурызда Әділетхан Молдахан көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталып, кейін екі айға қамауға алынған болатын.
Ал жол апаты бойынша Александр Пак кінәсін толық мойындап, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық