Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
Фото: Orda.kz
«Көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен қамауға алынған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан сотта тек ғана «Шындықты айтқанын» мойындайтынын айтты. Алматы полициясының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерлері жәбірленуші болған сотта Молдаханға кешірім бере ме?
Orda.kz тілшісі сот отырысына қатысып қайтты.
Алмалы аудандық сотында заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты кезекті сот отырысы болды. Бұл жолғы сот отырысы да журналистер үшін бөлек бөлмеде өтті. Процеске жәбірленуші полиция департаменті басшынысың бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев келмеді, алайда оның қорғаушысы Асылбек Әбдіраимов қатысты. Сонымен қатар, екінші жәбірленуші әкімшілік полиция басқармасының басшысы болған Серік Шұмаев қатысып сот алдында жауап берді. Оның құқығын адвокат Жандос Палманов қорғады.
Судья Ернар Қасымбек бұл жолғы сот отырысында алдымен жәбірленушілерден жауап алуды сосын іс материалдарымен танысып, соңында сотталушы Молдаханнан жауап алынатынын айтты. Осы орайда айта кетейік, өткен сот отырысында қорғау тарабы медиациялық әрі процессуалдық келісімге келуге өтінішхат берген еді. Алайда, судья процессуалдық келісімге келу туралы өтінішхатты прокуратура кері қайтарғанын айтты. Ал медиациялық келісімге жәбірленшуі тарап қол қоймаған.
Процестің басында Шұмаевтың адвокаты Палманов бірден моральдық талап-арызын айтты. Олар моральдық өтемақы ретінде 10 млн ал сот шығындарына тағы 1 млн талап ететінін мәлімдеді.
Сонымен сот алдында жәбірленуші болып танылған әкімшілік полиция басқармасының басшысы болған Серік Шұмаев жауап берді. Шұмаевтың айтуынша Молдаханның әлеуметтік желіде өзінің атын атап, түрін түстеп айтқан мәлімдемелері оның жұмысы мен денсаулығына әрі абройына үлкен нұқсан келтірген екен.
«Мен бірден айтайын, мен ешқашан да байдың балаларын қорғамадым, қорғамамаймын да. Модаханмен мен ешақашан жеке таныс болмадым. Оны осы резонансты мәлімдемелерінен кейін білдім. Оның менің атымды атап айтқандарының бәрі жала әрі адамдарды шатастыратын ақпарат деп білемін. Маған осы мәлімдеме кесірінен қызметімнен кетуге тура келді. Осыдан соң денсаулығым сыр беріп, қан қысымым көтеріліп, бір ай кардиологтың бақылауында болдым. Оған қатысты менде медициналық анықтамалар бар», – деді Шұмаев.
Сотталушы Молдахан Шұмаевқа жұмыстан босатылуына қатысты сұрақ қойды:
– Нақты менің айтқандарымнан кейін сізді жұмыстан шығарды ма, әлде сіз өз еркіңізбен кеттіңіз ба жұмыстан?
– Мен өз еркіммен кеттім. Енді сіздің айтқандарыңыз қоғамда резонанс тудырған соң маған басшылық айтты, маған өз еркіммен деп кетуге тура келді. Менің атымды атап мені байлардың балаларының қолшоқпары дегендей әңгімені әлеуметтік желіге салған соң ол әрине қоғамның назарын алады,– деп жауап берді Шұмаев.
Сонымен қатар, сотта іс материалдары, яғни Молдаханның әлеуметтік желіге жариялаған жазбалары көрсетіліп талқыланды.
Молдаханның айтуынша видеодағы «Байдың балаларын қорғайды» немесе жол ережесін бұзған жасөспірім 17 жастағы баланың көлік айдап, ұсталғандағы «Маған Ұзабаев рұқсат берді» деген жазбалардың барлығы осы әл-Фарабидегі жол-көлік апатына сілтеме мысал ретінде келтірілген.
Сот процесі біткен соң Молдахан журналистерге қысқа іске қатысты пікірін беріп үлгерді. Өткен сот отырысында кінәсін мойындаймын дегенде не айтқысы келгенін әрі нақты нені мойындады деген сұраққа жауап берді.
«Мен тек шындықты айтқанымды мойындаймын. Бүгінгі процесс көңілімнен шықты. Қазақ елі қолдауларыңызға рахмет!», – деп қысқа қайырды сотталушы.
Барлық қызық, сот процесі біткен соң тараптардың туыстары мен адвокаттарының арасында басталды. Журналистер жәбірленушілер бір келісімге келіп, Молдаханға кешірім бере ала ма, деп сұрады.
Молдаханның інісі Әзімхан жәбірленушілер Ержан Ұзабаев пен Серік Шұмаевтан отбасы атынан кешірім сұрауға және тіпті тізерлеп тұрып тұруға дайын екенін жеткізді. Ол көпбалалы әкені қамауда ұстау тым қатал шешім екенін атап өтті. Айыпталушының жұбайы Бақыт Мұсабекова да күйеуінің кінәсін толық мойындағанын еске салып, кәмелетке толмаған үш баланың жалғыз асыраушысын босатуды сұрады.
Ал блогердің адвокаты Нұртуған Өмірзақ Әділетханның ата-анасы іс басталған кезде-ақ жәбірленушілерге арнайы барып, кешірім сұрағанын алға тартты.
«Моладахан таратқан жалған ақпарат полиция беделіне ауыр нұқсан келтіргенін, сондықтан кездейсоқ емес, арнайы ұйымдастырылған ресми кездесу қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, татуласу үшін алдымен азаматтық талап-арыз орындалып, моральдық шығын өтелуі тиіс. Содан кейін біз құқығын қорғап жатқан азаматтарға айтамыз міне, кешірім сұрады, талап-арыз төленді, енді кешірім бересіңдер ме деп. Ал кешірім беру не бермеу жәбірленушілердің тікелей өздеріне қалатын шешім. Оған біз араласа алмаймыз деді», – қорғаушы Жандос Палманов.
Сондай-ақ, жәбірленшулердің адвокаты келесі сот отырысы өтетін 26 маусымға дейін ортақ мәмілеге келіп, кешірім сұраса, қарап көруге болады деп айтты.
Келесі сот отырыс 26 маусымда өтеді, сол кезде жәбірленуші Ұзабаев пен сотталушы Молдаханнан жауап алынады. Orda.kz сот процесіне тікелей ақпарат таратуды жалғастырады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды
- Қостанайда қамаудағы бес азаматты сотқа алып бара жатқан полиция көлігі апатқа ұшырады
- Ұлттық ұланның 1 млрд теңгеден астам тұратын жері мемлекетке қайтарылды
- Әскери кафедрада оқығандар екі жылдық қызметке шақырыла ма?
- Елімізде найзағай ойнап, аптап ыстық +43 градусқа дейін көтеріледі
- 62 жастағы әйел 34 әшекейді интим жеріне жасырып, заңсыз өткізбек болған
- Президент Ішкі істер министріне «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді
- Астанада Ақордаға қарама-қарсы орналасқан Триатлон паркінде өрт шықты
- Қайрат Сатыбалдының меншігі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығы миллиондарға арзандаса да ешкімге керек болмай тұр
- ДДСҰ және World Population Review дерегі бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы ең көп ішетін елге айналған
- АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризм күдігімен ұсталды
- Боралдайда сушидан 19 адам уланып, аруханаға түсті
- СҚО-да жұмыс іздеп барып, далада қаза тапқан тракторшының өлімі туралы не белгілі?
- Израильдік БАҚ: Иран АҚШ-пен келіссөздердің 60 күндік кезеңі арқылы «уақыт ұтуды» көздеп отыр
- G7 құрамындағы елдер Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға көмекті арттырмақшы
- Павлодар облысының тұрғыны өзінің үш жасар қызын өзгеден деген күмәнмен азаптап өлтіріп, өмір бойына сотталды
- Қазақстан мен Чехия полициясы азаматтардың жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны әшкереледі
- Жазушы Өтебай Қанахиннің немересінің өлімі қоғамдық резонанс пен депутаттың қозғау салуынан кейін ғана алға жылжыды
- Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді