Әділетхан Молдахан сотта кінәсін толық мойындады
Фото: Instagram.com/adiletkhan
Алмалы аудандық сотында заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды. Молдахан сотта өзіне тағылып отырған айыпты толық мойындайтынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Заңгерге ҚР Қылмыстық кодексiнің 274-бабы бойынша (Көрінеу жалған ақпарат тарату) айып тағылып отыр. Алмалы аудандық сотында өткен процесті журналистер бөлек бөлмеден бақылады. Бұл істе судья – Ерлан Қасымбек, ал прокурор – Ұлжан Әбдірманова.
Жәбірленуші Алматы қаласының бұрынғы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев пен Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы болған Серік Шұмаев.
Сотта Молдахан тағылып отырған айыпты толық мойындайтынын айтты. Оның қорғаушылары Молдаханға қатысты сот ісін кейінге қалдыруға яғни тараптардың медиациялық әрі процессуалдық келісімге келуіне қатысты өтінішхат айтылды. Сонымен қатар, күдіктіні ұйқамаққа шығару туралы да өтінішхат берілді. Алайда қорғау тарапы соңғы өтінішхатты судьяның шешіміне қалдырса, прокурор қарсы екенін бірден айтты.
Жәбірленуші Ұзабевтың адвокаты Асылбек Әбдіраимов сотта 10 млн моралдық өтемақы және 1 млн сот шығындарына талап арыз берді.
«Сотталушы өзінің қылмыстық құқықбұзушылығын толықтай мойындады. Сол үшін сот процесі қысқартылған түрде өтсін деп өтініш-талап берілді. Біз оған қарсылық білдрімедік, соттың қарауына қалдырдық. Қысқартылған түрде дегеніміз іс бойынша дәлелдемелерге сотталушы қарсылығы жоқ әрі куәлерден жауап алуды қажет етпейді. Ол туралы өтініш талап келесі сот процесінде қаралады. Біз бұлтартпау шарасына қатысты өтініш-талапқа қатысты қарсылық білдірмедік соттың қарауына қалдырдық. Медиацияға келуге қатысты біз әлі шарттарды білмейміз, ол туралы сұрақ ашық қалды. Тағылған айып бойынша кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу немесе 3000 АЕК айыппұл салынуы мүмкін», – деді Әбдіраимов.
Фото:Orda.kz
Судья Қасымбек жоғарыда айтылған өтінішхаттарды қарауға кеңесу бөлмесіне барып келген соң ұйқамаққа қатысты өтіншхатын қатысты қанағаттандырылмағанын айтты. Ал процессуалдық келісмге қатысты өтінішхат прокуратураның қаралуына жіберілді. Тараптардың медиациялық келісімге келу сұрағы ашық қалды.
Әділетхан Молдаханмен оның қорғаушылары іске қатысты журналистерге пікір білдіруден бас тартты.
Еске сала кетейік, жалпы Әділетхан Молдхан атышулы Әл-Фараби даңығылында болған жол-көлік апатының төңірегінде резонастық мәлімдемелер жасаған еді. Ол апатқа кінәлілер шенеуніктердің балалары болуы мүмкін екенін және заңсыз түнгі жарыстарға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы барын алға тартқан еді. Осыдан кейін Алматы қалалық Полиция департаменті блогерді (Көрінеу жалған ақпарат тарату) деген күдікпен наурыз айының соңында уақытша ұстау изоляторына қамаған еді.
Келесі сот отырсы 16 маусымға белгіленді, Orda.kz бұл сот процесін өз бақылауына алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық