Қызылорда мұнайшылары жалақыны көтеруді талап етіп отыр
Азаттық
Қызылорда облысындағы «Қуатамлонмунай» мұнай компаниясының 300-ден астам жұмысшысы жалақыны көтеруді талап етуде.
Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
Мұнайшылардың айтуынша, қазір олар айына орта есеппен шамамен 110 мың теңге алады.
– Біз жалақыны кем дегенде 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етеміз. Біздің арамызда 90 мың алатындар да бар, - деді жұмысшылардың бірі.
Жұмысшылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевқа және Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың атына үндеу жазды.
– Азық-түлік тауарларының қымбаттауы, нарықтағы бағаның өсуі айтарлықтай әсер етеді. 2017 жылдан бастап жалақы өскен жоқ. Өткен жылдың 24 қарашасында біз кәсіпорын басшылығына жалақыны көтеру туралы ұжымдық хат жолдадық. Бірнеше кездесулер болды. 2021 жылы 5 қаңтарда облыс әкімінің өкілі мен еңбек инспекциясы басшысының, кәсіподақ төрағасының қатысуымен жиналыс өтті. Бірақ бәрі нәтижесіз, -делінген үндеуде.
Үндеуді 350-ден астам адам қолдады.
«Қуатамлонмунай» Қызылордадан 160 шқ қашықтықтағы кен орнынан мұнай өндіреді. Компания кен орындарын барлаумен, мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Компанияны Қытай азаматтары басқарады. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша, Сун Хуайю қазақстан-қытай кәсіпорнын басқарады.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек