Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
Фото: kazfuel.kz
Жүргізушілер бір бекетке жиналып, сағаттап кезекте тұр. Кейбірі 4–5 сағатын тек газ құюға жұмсап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәселе жыл сайын қайталанып, көктем мен күзде тапшылық туындайды. Биыл да себеп сол – зауыттағы жөндеу жұмыстары. Газ басқа өңірден жеткізіліп жатыр, бірақ ол жеткіліксіз.
Ал сұраныс болса керісінше өсіп келеді: соңғы екі жылда газбен жүретін көліктер 32%-ға көбейген. Әкімдік мәселе 5 күнде шешіледі дейді. Бірақ оған дейін жүргізушілерге тек күту ғана қалды.
Шымкенттегі автогаз бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Өйткені бірнеше күннен бері қалада сұйық отын табу азапқа айналған. Оны тапқан күннің өзінде қол жеткізу үшін бұқара жарты тәулігін жұмсауға мәжбүр. Қажыған халық мәселенің жыл сайын шешілмей керісінше қайталана беретініне наразы.
Шымкентте сұйық отынмен жүретін көліктің бәрі де қазір жалғыз автогаз бекетіне телміріп отыр. Ал ондағы кезек тас жолға дейін шығып, бірнеше шақырымға да жетті дейді бұқара. Өйткені қала бойынша мұнай газы жоқ. Сағаттап сарылған жүргізушілер төзімдерінің таусылғанын жасырмайды.
«4,5 сағат тұрдым қазір. 4,5 сағат. Басқа жерлерде газ жоқ болғаннан кейін осы жерде осындай болады ғой. Бұларда газ үзілмейді. Әрқашан болады газ. Басқа жерлерде жоқ. Бар газды беріп жатыр. Жоқ болса жоқ дейді. Бар газды құйып жатыр» ,— дейді Шымкент қаласының тұрғыны.
Автогаз тапшылығы көктем мен күз келген сайын Шымкент пен Түркістан тұрғындарын жылда тығырыққа тірейді. Бұның себебін жауаптылар көбіне мұнай газ зауытындағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырады. Биыл жоспарланған жұмыстар ПетроҚазақстанда 27 наурызда басталған екен.
Шымкент қаласындағы энергетика және инфроқұрылымдық дамыту басқармасының бөлім басшысы Ерболат Мамырхан оған дейін сұйық отын Ақтөбеден жеткізілетінін айтты.
«Шымкент қаласындағы жалпы қажеттіліктің негізгі Ақтөбе мұнай зауытынан келуде. Вагондармен Шымкент қаласына жеткізілуде. Осы вагондардың уақыт алуына байланысты Шымкент қаласында аздаған тапшылық белгілісі білінуде. Энергетика министрлігіне қосымша көлем сұрату бойынша және де вагондарды жеделдету мақсатында Қазақстан теміржолы АҚ хаттар жолданып, жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде» ,— дейді Ерболат Мамырхан.
Әкімдік өкілдері Шымкенттегі автогаз тапшылығы бес күннің ішінде шешімін табады деген сенімде. Оған дейін көлігі автогазбен жүретін жүргізушілерге күндерін кезекте өткізуден басқа амал жоқ. Айта кетейік қалада соңғы екі жылда сұйық отынмен жүретін машиналар бірден 32 пайызға көбейген екен.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Шымкент қаласы.
Оқи отырыңыз:
- Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық