Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ теңіз блокадасын жалғастырса, Иран Қызыл теңіздегі, сондай-ақ Парсы және Оман шығанақтарындағы сауданы тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабының қолбасшысы Әли Абдоллахи мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Егер Вашингтон ирандық сауда кемелері мен мұнай танкерлеріне қауіп төндіруін жалғастырса, бұл атысты тоқтату режимінің бұзылуының бастамасы болмақ. Абдоллахидің айтуынша, мұндай жағдайда, әскери күштер аталған акваторияларда экспорт пен импортқа жол бермей, елдің ұлттық мүддесі үшін әрекет етеді.
Исламабадтағы Ормуз бұғазы бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін Дональд Трамп теңіз блокадасын жариялаған болатын. Шектеулер Иран порттары теңіз көлігіне қатысты енгізілген. Ал басқа елдерге бағыт алған кемелер бұл блокадаға ілінбейді. Сонымен қатар тексерістен кейін гуманитарлық жүктер — азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттілік тауарлары өткізілуі мүмкін.
Ал 15 сәуірде Ақ үй басшысы Дональд Трамп Truth Social желісінде «Ормуз бұғазын бүкіл әлем үшін мәңгілікке аштым» деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Си Цзиньпин Қытайдың Иранға қару жеткізбеуге келіскенін айтқанын жеткізді.
«Президент Си Цзиньпин бірнеше аптадан кейін барғанымда мені құшақ жая қарсы алады. Біз ақылға қонымды әрі өте нәтижелі ынтымақтастық жүргізіп жатырмыз. Соғысқаннан гөрі бұл жақсы емес пе? Бірақ есіңізде болсын, қажет болса, біз өте жақсы соғыса аламыз, басқалардың бәрінен де жақсы» деп жазды Трамп.
Reuters мәліметінше, келіссөздердің жаңа кезеңі осы аптада өтуі мүмкін.
Иран АҚШ әрекетін сәтсіздікке ұшырайды деп бағалады. Бұл шешімге Ресей мен Қытай сияқты бірқатар елдер қарсы шықты.
Оқи отырыңыз:
- Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық