Қызметке миллион: Абаев пен басқа министрлер қандай көлік пайдаланып жүр?
Фото: gov.kz
Orda.kz министрлер мен вице-министрлер қандай көліктерді пайдаланып жүргенін және оның республикалық бюджетке қалай әсер етіп жатқанын анықтады.
Жалға алу, көліктерге техникалық қызмет көрсету және кезекші жүргізушілерді қамтитын көлік қызметі үшін Мәдениет министрлігіне жылына 40 млн теңге бөлінеді. Министрлік жалға алған төрт көлікті төрт шенеунік пайдаланады.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 2015 жылы шыққан Mercedes-Benz S500 L 4M көлігін ұнатса керек. Министрдің көлігінің қызметі айына орта есеппен бір миллион теңге тұрады.
Айта кетсек, Mercedes-Benz S500 - жоғары санатты автокөліктер арасында ең танымалы. Қаржы министрі мен оның вице-министрі, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, Ұлттық экономика министрі, Еңбек министрі, Ақпарат министрі де осы маркалы көлікті пайдаланып жүр. Бұл репрезентативті класс моделі, жаңа көліктің интернеттегі бағасы 60 млн теңге, ал пайдаланылған көлік 26 млн тұрады.
Мәдениет вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Mercedes-Benz S350 L көлігін анда-санда Mercedes-Benz E200 4M-ге ауыстыратын тағы бір вице-министр Серік Жарасбаевпен бөлісіп жүр. Интернетте осы модельдердің пайдаланылған көліктері сәйкесінше 11 және 9 миллионға бағаланады.
Министрлік аппаратының басшысы Ернат Мұхамадиев «Мерседес» емес, «Киа» көлігін теуіп жүр. Kia Quoris-ті 11 млн теңгеге сатып алуға болады.
Ең қызығы, «Президент Іс Басқармасы Автокөлік бөлімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны түрлі министрліктер мен комитеттердің басым көпшілігіне көлік қызметін жеткізуші болып табылады. Сонымен қатар, барлық қарастырылған конкурстар ашық болып табылады.
Жаңалықтар
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды