Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
Фото: sportilinet.kz
Журналист Айдын Кожахмет өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып 62 жастағы нидерланд маманы Джон ван’т Схип тағайындалды. Бұл туралы Спорт Шредингера басылымына сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
6 тамыз күні Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 7 тамызда жаңа бас бапкер ресми түрде таныстырылатынын мәлімдеген болатын. Кейін Айдын Кожахмет бұл қызметке дәл осы Джон ван’т Схип келетінін нақтылады.
Джон ван’т Схип 1963 жылы Канадада дүниеге келген. Балалық шағы сол елде өткеннен кейін отбасы Нидерландыға оралып, ол атақты «Аякс» клубы академиясында футболмен айналыса бастайды. Жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсеткен футболшы 1981 жылы негізгі құрамға қосылып, 1992 жылға дейін клуб сапында ойнады. Осы уақыт ішінде ол «Аякс» үшін 273 матч өткізіп, 29 гол соқты.
Ван’т Схип Нидерланд чемпионы атағын 4 рет жеңіп алған. УЕФА кубогын иеленген.1988 жылы Нидерланд құрамасымен Еуропа чемпионы атанған. 1992 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін алған. 1994 жылғы АҚШ-та өткен әлем чемпионатына қатысқан. 1992 жылы ол италиялық «Дженоа» клубына ауысып, онда 107 матч өткізіп, 11 гол соққан. 1996 жылы ойыншы ретіндегі мансабын аяқтады.
Бапкерлік қызметін 1997 жылы «Аякс» жастар командасынан бастаған. Кейін клубтың бас бапкері Ко Адриансе құрамында ассистент болды. Ұлттық құрамада ойнаған кезде Марко ван Бастенмен жақын дос болып, 2004 жылы оның шақыруымен Нидерланд құрамасында ассистент бапкер қызметін атқарды.
Кейіннен «Аякс» клубында жұмыс істеді. Австралияның «Мельбурн Харт» (кейін «Мельбурн Сити») клубын басқарды. Мексиканың «Гвадалахара» клубында еңбек етті. 2016 жылы «Мельбурн Сити» командасымен Австралия кубогын жеңіп алып, бас бапкер ретіндегі алғашқы трофейін иеленді.
2026 жылы сәуірде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне австралиялық Скотт Манн тағайындалды. Дәл осы маман жаңа бапкер іздеу жұмысымен айналысқан еді.
22 маусымда Байсуфинов өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді. Осыдан кейін жаңа бапкер іздеу басталды. Айта кету керек, Скотт Манн мен ван’т Схип бұрыннан таныс және бірге Австралияда жұмыс істеген.
Енді Джон ван’т Схип Қазақстан құрамасындағы алғашқы ресми ойынын 2026 жылдың 26 қыркүйегінде өткізеді. Бұл күні ұлттық құрама Ұлттар лигасы (С дивизионы) аясында сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы ойнайды.
Осы орайда Қазақстан құрамасының алдағы ойындарынығ (Ұлттар лигасы) кестесін бере кетейік:
- 26 қыркүйекте Фарер аралдары – Қазақстан
- 29 қыркүйекте Словакия – Қазақстан
- 2 қазанда Қазақстан – Молдова
- 6 қазанда Қазақстан – Фарер аралдары
- 14 қарашада Молдова – Қазақстан
- 16 қарашада Қазақстан – Словакия.
Жаңа бапкердің тәжірибесі мен халықаралық деңгейдегі жетістіктері Қазақстан құрамасы ойынына жаңа серпін береді деп күтілуде. Енді жанкүйерлер оның алғашқы матчтарын асыға күтіп жүр.
Еске салсақ, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер іздеп жатқаны туралы айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық