30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
Polisia.kz бейнесінен скриншот
Онлайн-казино Pin-Up ісі аясында тағы бір блогер – 26 жастағы Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды. Ол Қайсар Камзаның досы, екеуі жиі бірге бейнероликтер түсірген болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Хикматов үш айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Тергеу мәліметінше, блогер тыйым салынған онлайн-казиноға ойыншылар тартумен айналысқан.
Сондай-ақ, Pin-Up өз қызметін танымал тұлғалар арқылы насихаттағаны хабарланды. Ал Хикматов осы тұста блогерлермен байланыс орнатуға көмектесті деген болжам бар. Алайда бұл ақпарат ресми түрде әлі расталған жоқ. Қолда бар деректерге сәйкес, Хикматов Қазақстаннан кетіп қалған.
«Еуразия» арнасы бұған дейін хабарлағандай, Ақтау қаласының тұрғыны Махмуд Хикматов өз денесін татуировка түрінде жарнама орналастыруға ұсынған. Ер адам бұл ұсыныстың компаниялар үшін тиімді екенін де айтқан.
Махмуд мамандығы бойынша маркетолог. Ол бұған дейін қызмет көрсету нарығына өзіндік үлес қосудың ерекше жолын таңдап, кез келген компания оның денесіне татуировка арқылы өз жарнамасын орналастыра алатынын айтып, жар салған.
Бұл қызметі үшін Хикматов 30 миллион теңге сұраған. Журналистерге берген сұхбатында ол ірі компаниялар бұндай қаражатты бір айлық жарнамаға жұмсайтынын, ал оның жағдайында бренд өмір бойы жарнамаланып тұратынын айтты. Оның пікірінше, бұл өте тиімді ұсыныс.
Ақтаулық азамат татуировканы денесінің кез келген бөлігіне салдыруға дайын болған. Телеарна мәліметінше, Хикматов алғашқы коммерциялық ұсынысты да алған. Тіпті жарнамалық суретті салып үлгергенімен, тапсырыс берген компания уәде етілген қаражатты төлемеген. Соның салдарынан ерекше татуировка оның денесінде мәңгі қалуы мүмкін.
Маркетинг саласындағы әріптестері бұл идеяны жоғары бағалап, оны креативті әрі тың шешім деп атаған. Олардың пікірінше, мұндай қадам Хикматовқа Қазақстан бойынша танымалдық әкеліп, жарнаманың тиімділігін арттыра түседі.
Еске салайық, бұған дейін осы Махмуд Хикматовтың досы блогер Қайсар Камза экстрадицияланған болатын. Тергеу мәліметінше, ол 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі миллиондаған аудиториясын пайдаланып, сыйақы үшін заңсыз онлайн-казиноны жарнамалап, Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға тартқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?