«Үш дүркін әлем чемпионы боламын»: Назым Қызайбай елге оралды
Фото: Бейнеден кадр
Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыға оралды. Жұртшылық 12 тамыз күні түнде спортшыны туған қаласының әуежайында қарсы алды.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
«Халық осылай күтіп алған соң, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс! Халықтың қолдауын сезіндім. Елімнің, ата-анамның, бауырларымның, әкем жағынан, ауылымнан, Райымбек ауданынан да үлкен қолдау болды, тек Қазақстанның әр түкпірінен ғана емес, Италиядан да, бауырларымның тақым қысып отырғанын сезіндім. Өздеріңіз білетіндей, бізде бокстан үш дүркін әлем чемпионы жоқ. Тарих жаңартып, сол мақсатқа жетемін деп ойлаймын. Бокс өзіме ұнады, сол үшін спортқа келдім. Ауылда бапкерімнің арқасында жетістіктерге де жеттік. Жеңістің артында қаншама еңбек, қаншама адам бар...», — деді Назым Қызайбай.
Еске сала кетсек, Orda.kz 7 тамызда бокстан екі дүркін әлем чемпионы Олимпиада-2024 жартылай финалында жеңіліс тауып, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болғаны жайлы жазды. Финалға шығу үшін Кызайбай 2022 жылғы әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ю Вумен кездесті.
Сондай-ақ, Назым Қызайбайды марапаттау рәсіміне Геннадий Головкин қатысқан болатын.
Жаңалықтар
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды