Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Алматы облысында полиция қызметкерінің қаза болуына қатысты іс бойынша ұсталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокат Гаухар Сариева мен Динара Шәмшекованың айтуынша, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы тергеу органдарының өтінішін қарап, олардың кәмелетке толмаған қорғауындағы тұлғаларын үйқамаққа жіберу туралы шешім шығарған.
Қорғаушылардың сөзінше, қазіргі уақытта жасөспірімдер үйлерінде отыр. Сот қаулысына сәйкес, оларға электронды бақылау құралдары (білезіктер) орнатылып, бейнебақылау жүйесі қойылуы тиіс.
Сондай-ақ сот отырысы барысында адвокаттар қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін барлық мән-жайларды жан-жақты тексеру қажеттігін атап өтті.
«Сот отырысында қорғау тарапы тергеу аясынан тыс қалдыруға болмайтын жайттарға назар аударды. Балалар ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайында өмір сүрген болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. (...)
Біз мұны дәлелденген факт ретінде айтпаймыз, сондықтан бұл материалдар тергеу барысында мұқият тексерілуі тиіс» деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 23 маусым күні Алматы облысы Кеген ауданының таулы аймағында жергілікті малшы полиция қызметкерінің жанып жатқан денесін тауып алған.
2026 жылғы 23 маусымда шамамен сағат 15:00-де Кеген аудандық полиция бөліміне күйген мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен. Тергеу деректеріне сәйкес, мәйіт Көкпек — Көктал — Кеген автожолының 52-шақырымында, Кеген асуы маңында, трассадан шамамен 400 метр қашықтықта, таулы аймақ ішінен табылған.
Осы іс бойынша марқұмның жұбайы мен оның кәмелетке толмаған ұлы ұсталған. Сонымен қатар, олармен бірге тағы бір жасөспірімнің де ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат тарады.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бастапқыда іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі — «кісі өлтіру» бойынша қозғалған. Кейін іс 99-баптың 2-бөлігі 5 және 7-тармақтарына, яғни ауырлататын мән-жайлармен жасалған кісі өлтіру бабына қайта сараланған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа марқұмның жұбайының қатысы болуы мүмкін. Ол бұған дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы полициясында қызмет еткен, ал 2026 жылдың ақпан айында өз еркімен жұмыстан шыққан.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер ер адамның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық