Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
Фото: Orda.kz
Жамбыл облысында мектепті жөндеу барысында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану деректері анықталды, деп хабарлайды Orda.kz өңір прокуратурасына сілтеме жасап.
Ведомство ресми сайтында Тұрар Рысқұлов ауданы прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізгені айтылған.
«Анықталғандай, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу кезінде мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз 78 млн теңгеден астам қаражат төленген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған қаражат бюджетке қайтарылды», деп мәлімдеді қадағалау органы.
Тапсырыс беруші ретінде аудандық білім бөлімі, мердігер ұйым, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 317-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1,4 млн теңге айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде мердігер барлық жұмысты толық әрі белгіленген мерзімде аяқтап, мектеп пайдалануға берілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық