Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Сербия президенті Александр Вучич Белградтағы митингте президенттік қызметіндегі соңғы апталарын өткізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бұл – менің президент ретіндегі соңғы апталарым», – деді Вучич. Алайда ол нақты қай кезде қызметінен кететінін айтпады.
Митингке қатысқан BBC-дің Сербия қызметінің тілшісі Вучичтің саясаттан кететінін жарияламағанын, тек өзі жетекшілік ететін Сербияның прогрессивті партиясына сайлауда «айқын жеңіске жетуге» көмектесуге уәде бергенін хабарлады.
Вучичтің екінші әрі Конституция бойынша соңғы президенттік мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталады. Бүгінгі митингте Сербия президенті елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтетінін жариялады, бірақ оның нақты күнін атаған жоқ.
Сербия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Белградтағы митингке 200 мыңнан астам адам қатысқан.
2024 жылғы 1 қарашада Нови-Сад қаласында теміржол вокзалы ғимаратының кіреберісіндегі бетон қалқа опырылып құлап, 16 адам қаза тапты. Көптеген серб азаматтары бұл қайғылы оқиғаны жемқорлықтың салдары деп есептеп, билікке наразылық білдірді.
Бұл апат Вучичтің билігі тұсындағы Сербиядағы ең ірі саяси дағдарыстың басталуына себеп болды. Сонымен қатар, ол жемқорлыққа қарсы жаппай наразылық шерулеріне түрткі болып, мерзімінен бұрын жалпыұлттық сайлау өткізуді талап етуге ұласты.
Оқи отырыңыз:
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық