Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Венесуэлада 24 маусымда болған жойқын жер сілкінісінен кейін қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асты, деп хабарлайды Orda.kz.
РИА Новости агенттігінің жазуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы соңғы мәліметті Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес жариялады.
«Өкінішке қарай, біз 1 430 отандасымыздың қаза тапқанын тіркедік. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді спикер ұлттық телеарна көрсеткен кезекті брифингте.
Саясаткердің айтуынша, 3 238 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар билік баспанасыз қалған 3 142 отбасын тіркеп, оларды уақытша баспаналарға орналастырған және қажетті көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Венесуэлада 24 маусымда болған жойқын жер сілкіністері туралы хабарлаған едік. Әлеуметтік желілерде көптеген ғимараттардың қирағаны түсірілген кадрлар тарады. Кейін елде төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, жер сілкіністері салдарынан 8 аурухана, 20 сауда орталығы және 68 инфрақұрылым нысаны зақымданған. Жалпы 250 ғимарат бүлінген немесе толықтай қираған.
Алғашқы мәліметтер бойынша, кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астамы жарақат алған. Кейінірек 920 адамның көз жұмғаны хабарланған. Тағы кемінде 172 адам үйінді астында қалған.
Сонымен қатар Венесуэлада бір әйел жойқын жер сілкінісі салдарынан қираған ғимарат үйінділері арасында сәбиін дүниеге әкелгені белгілі болды. Бұл бірнеше жерасты дүмпулерінен кейін болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық