ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
Фото: AFASeleccionEN
Месси жаңа рекорд орнатып, Аргентина құрамасына 2026 жылғы әлем чемпионатында Иорданияны жеңуге көмектесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Иорданияны жеңді.
J тобының үшінші, соңғы тур ойыны АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы «AT&T Stadium» стадионында өтті. Аргентина құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаздар сапында жартылай қорғаушы Джовани Ло Чельсо (19-минут) мен шабуылшы Лионель Месси (80-минут) айып соққыларынан тікелей гол соқты. Ал 31-минутта Лаутаро Мартинес пенальтиді сәтті орындады.
Иордания құрамасының жалғыз голын 55-минутта шабуылшы Мусса Аль-Тамари соқты. Оған қорғаушы Эхсан Хаддад нәтижелі пас берді.
Месси әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша өз рекордын жаңартып, 19 голға жетті. Осы турнирде оның еншісінде алты гол бар. 39 жастағы шабуылшы сұрмергендер жарысында көш бастап тұр.
Сондай-ақ Месси футбол тарихында әлем чемпионатының қатарынан жеті матчында гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұл серия 2022 жылғы Катардағы мундиальда басталған. Бұдан бөлек, аргентиналық ойыншы әлем чемпионаттарындағы матч саны бойынша да рекордын жаңартып, 29 ойынға жетті. Жалпы, ол ұлттық құрама сапында 202-ші ойынын өткізді. Бұл көрсеткіш бойынша тек португалиялық Криштиану Роналду (231 матч) ғана алда.
Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жетіп, 9 ұпай жинады. Әлем чемпионы атағын қорғап жатқан команда 1/16 финалда турнир дебютанты Кабо-Верде құрамасымен кездеседі.
Иордания құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үш ойында да жеңіліп қалды. Ұпай жинай алмаған команда топ кестесінің соңғы орнында қалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық