Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
Фото: kolesa.kz
Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мегаполистің әр аудандарындағы электр энергиясының жиі өшуіне не себеп болып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде бағдаршамдардың жиі істен шығатынын айтып, соның салдарынан жолдарда кептеліс пайда болатынын жаппай жазып жатыр. Атап айтқанда, 26 маусым күні қаланың жоғарғы бөлігіндегі Назарбаев даңғылында — Қажы Мұқан көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта бағдаршамдар жұмыс істемеген. Алатау ауданының біраз көшесінде бағдаршам сөніп тұр.
Басқарманың мәліметінше, аталған аумақта жарықтың өшуі электр желісіндегі апаттық зақымдануға байланысты сағат 10:25-тен 14:25-ке дейін болған. Қазіргі уақытта электр қуаты толық қалпына келтірілген.
Сонымен қатар ведомствоның хабарлауынша, Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл жұмыс электр желісі ұйымының мамандарымен бірлесіп жүргізілуде.
Ал «АЖК» компаниясы электр желілеріндегі технологиялық ақаулар кезінде зақымданған желіге қосылған барлық нысандар уақытша ажыратылатынын түсіндірді. Олардың қатарында бағдаршамдар да болуы мүмкін. Апат себебі жойылғаннан кейін электрмен жабдықтау кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі.
Компанияның мәліметінше, жаз мезгілінде, әсіресе ыстық күндері электр желілеріне түсетін жүктеме айтарлықтай артады. Бұл кондиционерлер мен салқындатқыш құрылғыларды белсенді пайдаланумен байланысты, соның нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көбейеді. Сонымен қатар электр желілерінің кейбір бөліктерінің тозуы да технологиялық ақаулардың негізгі себептерінің бірі болып отыр.
Сонымен қатар қала тұрғындары соңғы уақытта Алматыда пәтерлер мен жеке үйлерде де жарықтың жиі өшіп, қалалық инфрақұрылымда да іркілістер болып жатқанын айтады. Мұндай жағдайлардың жиілегенін электр қуатын уақытша өшіру кестелерінің тұрақты жариялануынан да байқауға болады.
Энергетика басқармасының түсіндіруінше, электр энергиясының уақытша болмауы көбіне желілердегі апаттық зақымдануларға немесе жүйенің сенімділігін арттыру үшін жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты.
«Әрбір жағдай жеке қарастырылады, ал қалпына келтіру жұмыстары мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі», — деп атап өтті ведомство.
«АЖК» компаниясының хабарлауынша, қаладағы электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Инвестициялық бағдарлама мен Ұлттық жоба аясында 2026–2027 жылдары әуе және кабельдік электр желілерін қайта жаңарту жоспарланған.
Негізгі жобалардың бірі — №6А, №3А және №168А қосалқы станцияларынан таралатын желілерді 6 кВ-тан 10 кВ-қа ауыстырудың екінші кезеңі. Сонымен қатар Алматының Алмалы, Алатау және Наурызбай аудандарында 0,4 кВ тарату желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық