Қазақстанда 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді
Фото: Pexels
Ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықтың алдын алды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуі кезінде өткізіледі. Бес ай, яғни маусым мен қазан аралығында полицейлер қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына өтіп, жабайы қарасораны отырғызу және жинау орындарын, плантацияларды анықтап, каннабис тобының заңсыз қорларын дайындаушыларға тосқауыл қояды» деп хабарлады ІІМ.
Полиция қызметкерлері операция басталғалы бері ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықтың алдын алды. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Синтетика өндіретін есірткі зертханасы жойылды.
Мәселен, Алматы облысының аумағында қарасора өсіру фактісі анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 тоннадан асты. Ақтөбе облысында зертханалық жағдайда жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырған жергілікті тұрғыннан 3 келіден астам мефедрон тәркіленді. Қызылорда облысында авиациялық тексеру арқылы есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды.
«Екі есірткі сатушысы анықталып, олардан жарты тоннадан астам марихуана тәркіленді. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданынан 130 шақырым жерде 56 келі марихуана дайындаған азамат ұсталды. Астана тұрғынының пәтерін тінту кезінде 1,5 келіден астам мефедрон табылды. Теміртауда 22 жастағы есірткі таратушы ұсталып, одан 350 грамм доза болатын 300 орам мефедрон тәркіленді» деп мәлімдеді ведомство.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық