Кәмелет жасына толмаған есірткі таратушы төрт жарым жылға сотталды
Фото: gov.kz
Қарағанда облысында кәмелетке толмаған жасөспірім есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін төрт жыл бес айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Сот отырысы барысында жиналған барлық дәлелдер зерттеліп, куәгерлердің айғақтары мен сарапшылардың қорытындылары талданды. Сот істің барлық мән-жайларын, сондай-ақ айыпталушының жеке басын сипаттайтын деректерді ескере отырып, оны тағылған қылмыс бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде жасөспірімге төрт жыл бес ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді» деп жазылған хабарламада.
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға өткен жылдың қазан айында Пархоменко атындағы зауыт ауданында болған. Жасөспірімді тыйым салынған заттарды жасырып жүрген жерінен полиция қызметкерлері ұстаған.
Хабарланғандай, кәмелетке баладан синтетикалық есірткі салынған 40 орам табылған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 17,6 грамм.
Полиция бұл дерек бойынша аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Тергеу барысында жасөспірім үйқамақта болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық