Венесуэлада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ге жуықтады

cover Бейнеден скриншот

Венесуэлада болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны шамамен 200 адамға жетті. Мыңнан астам адам жарақат алды, ал тағы 10 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

Жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болған. Араға шамамен 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуі тіркелген. Эпицентрлері бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. 

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, бұл — соңғы 126 жылдағы Венесуэлада тіркелген ең күшті жер сілкінісі.

Табиғи апат ауқымды қирауларға әкелді. Елдің түрлі өңірлерінде ондаған ғимарат қирап, инфрақұрылым нысандары зақымданған. Құтқарушылар үйінділерді аршып, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

 


АҚШ Геологиялық қызметі бұл апаттың ауқымы көзбен көргеннен де өте үлкен болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Құрбандар саны көп болуы және залал көлемі ауқымды болуы ықтимал», — деп атап өтті мамандар. 
 


Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде республика азаматтарынан дипломатиялық өкілдіктерге ешқандай өтініш түспегенін хабарлады.

Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, Венесуэлада консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтары жоқ. СІМ жағдайдың дамуын бақылауды жалғастырып отыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар