Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1-ге тең жойқын жер сілкінісі болды
Бейнеден скриншот
Венесуэлада бір минутқа жетпейтін уақыт ішінде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ел астанасы Каракаста бірнеше ғимарат қирап, билік төтенше жағдай режимін жариялады.
АҚШ Геологиялық қызметінің алдын ала бағалауынша, апат салдарынан қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Мұндай сценарийдің ықтималдығы 44 пайыз деп аталып отыр.
Сондай-ақ жер сілкінісінен келген экономикалық шығын Венесуэланың жалпы ішкі өнімінің 1–5 пайызына тең болуы мүмкін.
АҚШ Мемлекеттік департаменті басшысының орынбасары Кристофер Ландау Вашингтонның Венесуэла билігімен тұрақты байланыста екенін және қажет болған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, эпицентр ел жағалауына жақын орналасқан, ошақ шамамен 10 шақырым тереңдікте жатқан. Жер асты дірілін Кракастың жергілікті тұрғындары өте қатты сезді, куәгерлер ғимараттардың «теңселіп», кейбір үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болғанын айтты. Кейбір ғимараттар ішінара бұзылған.
Венесуэла астанасында бірнеше ғимарат құлады. Каракастағы Майкетия халықаралық әуежайы жабылды. Венесуэла үкіметі төтенше жағдай режимін енгізді.
Негізінен Венесуэлада жер сілкінісі жиі болып тұрады Ең күшті әрі қираулар көр болған жер сілкінісі 1967 жылы Каракаста болып, 200-ден астам адам қаза тапқан еді. Венесуэладағы жер сілкінісінен кейін көп ұзамай Жапонияның солтүстігінде 6,9 магнитудалы жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінен кейін билік Кариб теңізіндегі Пуэрто-Рико мен Америка Виргин аралдары үшін ықтимал цунами туралы ескерту жасады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық