Алматыда жер астынан шыққан өрт жұрттың зәресін алды: Полиция себебін айтты
Бейнеден кадр
Алматының Алмалы ауданында жерасты коммуникацияларында ерекше өрт оқиғасы тіркелді. Оқиға орнына полицейлер, өрт сөндірушілер, апаттық қызметтер мен энергетиктер жұмылдырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға бүгін түстен кейін Гагарин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлер жер астынан лапылдап шыққан жалын туралы хабарлаған. Хабарлама түскеннен кейін жедел қызметтер дереу оқиға орнына жетті. Полицейлер қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, толықтай сөндірді.
Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайдың себебі жерасты инженерлік желісіндегі қысқа тұйықталу болуы мүмкін, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бқған дейін Алматыда өрт сөндіру техникасының жүруіне кедергі келтірген автокөліктерді жаппай эвакуациялап жатқанын жазған болатынбыз. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық