Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды
Фото: squir.com
Вашингтонда ер адам Ақ үй жанындағы бақылау-өткізу пунктіне келіп, сөмкесінен тапанша шығарып, Құпия қызмет қызметкерлеріне оқ атқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Агенттер жауап ретінде оқ атып, шабуылдаушыны жаралаған. Кейін ол ауруханада қайтыс болды.
Атыс кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан адам да зардап шекті. Құпия қызмет өкілдері оның күдіктінің алғашқы оғынан немесе жауап ретінде атылған оқтан жараланғаны әзірге белгісіз екенін айтты. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.
Оқиға барысында 15-тен 30-ға дейін оқ атылған. CNN мәліметінше, күдікті — 21 жастағы Несир Бест. Ол бұған дейін Ақ үй аумағына кіруге бірнеше рет әрекет жасағаны үшін ұсталған. Сондай-ақ оның психикалық денсаулығына қатысты мәселе болған.
Бұл оқиға Ақ үйдегі тілшілер қауымдастығының кешкі асындағы атыстан бір ай өтпей жатып болып отыр. Ол шараға сол кезде Дональд Трамп та қатысқан.Қауіпсіздік қызметі Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асы кезінде Дональд Трамп, оның жұбайы Мелания Трамп және басқа да қонақтарды Washington Hilton қонақүйінің холлында атыс дауысы естілгеннен кейін сыртқа шығарды,
Атыс кезінде Дональд Трамп Ақ үйде болған. Әкімшілік мәліметінше, президент те, басқа да күзетілетін тұлғалар да, Құпия қызмет қызметкерлері де зардап шеккен жоқ.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- «Мені көздеген болуы мүмкін» — Трамп өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық