Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
Бейнеден скриншот
Трамп Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында болған атысқа байланысты эвакуацияланды. Қауіпсіздік қызметі Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асы кезінде Дональд Трамп, оның жұбайы Мелания Трамп және басқа да қонақтарды Washington Hilton қонақүйінің холлында атыс дауысы естілгеннен кейін сыртқа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Көптеген қонақтар іс-шара өткен банкет залында үстелдердің астына тығылған. Одан кейін адамдар эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ, ал қарулы адам ұсталды. Reuters мәліметінше, мылтық ұстаған ер адам күзетті бұзып өтпек болып, қауіпсіздік қызметкеріне оқ атқан. Алайда ол бронежилет кигендіктен, жарақат алмаған. Қазір тергеу жүргізілуде.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзі, жұбайы және вице-президент Вэнс аман екенін жазып, іс-шараның кейінге қалдырылатынын хабарлады. Сондай-ақ ол атыс сәтінен видео мен ұсталған адамның фотосын жариялаған.
Баспасөз еркіндігіне арналған бұл кешкі ас жыл сайын өткізіледі, оған АҚШ-тың барлық президенттері қатысып келген. Ал Трамп журналистермен жиі қайшылыққа түсіп, көптеген БАҚ-ты сынға алғандықтан, 2026 жылға дейін бұл шараға бойкот жариялап келген. Бұл – оның АҚШ президенті ретінде сөз сөйлеуі жоспарланған алғашқы кешкі ас еді.
Оқи отырыңыз:
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық