Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бейнеден скриншот
Трамп қатысқан кеште атыс шығарған күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Вашингтонда федералдық сот Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асындағы атысқа күдікті Коул Алленге айып тақты, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Оған АҚШ президентіне қастандық жасауға әрекеттену, зорлық-зомбылық қылмысы кезінде атыс қаруын қолдану және ауыр қылмыс жасау мақсатында қаруды штаттар арасында тасымалдау айыптары тағылып отыр.
АҚШ заңнамасына сәйкес, егер ол кінәлі деп танылса, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Прокуратура мәліметінше, күдікті президентке шабуыл жасауды жоспарлап, бірнеше штат аумағын кесіп өткен. Оның жанынан 12-калибрлі помпалы мылтық, пышақтар және басқа да қару түрлері табылған.
Бұлтартпау шарасы бойынша сот отырысы бейсенбіге, ал алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленген.
Аллен әзірге өзіне тағылған айыптарды мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы пікір білдірген жоқ. Белгілі болғандай, Калифорниядан шыққан 31 жастағы мұғалім бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Еске салсақ, атыс 26 сәуірге қараған түні Washington Hilton қонақүйінде өтті. Онда Ақ үй тілшілері қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асы ұйымдастырылып, оған Дональд Трамп және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан.
Шабуылшы мылтық, тапанша және пышақпен қаруланған. Ол залға кіреберісте ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жалғыз әрекет еткен және Вашингтонға алдын ала келіп, іс-шара өткен қонақүйде бірнеше күн тұрған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық