Ұлыбритания үкіметі корольдің дауға қалған інісіне қатысты бүкіл құжаттарды жариялайды
Фото: ашық дереккөзден
Ұлыбритания үкіметі Эндрю Маунтбеттен-Виндзорға қатысты барлық құжаттарды жариялайды, деп хабарлайды Orda.kz Guardian басылымына сілтеме жасап.
Ұлыбританияның қауымдар палатасы либерал-демократиялық партияның Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды елдің сауда өкілі етіп тағайындауға қатысты құжаттарды жариялау жөніндегі өтінішін қабылдады.
Шешім дауыс берусіз қабылданды. Бұл үкіметтің оны орындауға міндетті екенін білдіреді.
«Мәртебеліден үкіметке сауда және инвестициялар жөніндегі арнайы өкіл қызметін құруды және Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды осы лауазымға тағайындауға қатысты барлық құжаттарды парламентке ұсыну туралы нұсқау беруін өтінеміз» деп жазылған өтініш хатта.
Сонымен қатар либерал-демократиялық партия сауда және интеграция министрлігінде, британдық халықаралық сауда ұйымында, сыртқы істер министрлігінде, министрлер кабинетінде және премьер-министр кеңсесінде сақталған британдық халықаралық сауда ұйымының бас директоры Питер Мандельсон мен Эндрю Маунтбеттен-Виндзорға қатысты кез келген құжаттарды сұратып отыр. Либерал-демократиялық партия электрондық хабарламаларды да сұратқан.
Айта кетейік, 19 ақпанда Ұлыбританияда 66 жастағы бұрынғы ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзор ұсталды. Араға үш күн салып Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсон да қолға түсті. Оларға Джеффри Эпштейнмен байланысып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық