Эпштейнмен қатынасы үшін дауға қалған ханзада Эндрю таққа мұрагер бола алмайды
GETTY IMAGES
Ұлыбритания үкіметі америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысына қатысты тергеу аясында Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды таққа мұрагерлік тізімінен айыруы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz DW-ге сілтеме жасап.
Ұлыбритания королі Карл IIIтің інісі Эндрю Маунтбеттен-Виндзор уақытша ұсталғаннан кейін Лондон үкіметі оны таққа мұрагерлік кезегінен шығару мүмкіндігін қарастыруда. Үкіметтік дереккөздерге сілтеме жасаған БАҚ-тың хабарлауынша, тиісті заң жобасы Маунтбеттен-Виндзордың Джеффри Эпштейнмен байланысына қатысты полиция тергеуі аяқталған соң парламентке енгізілуі ықтимал.
2022 жылы қайтыс болған патшайым Елизавета IIнің 66 жастағы ұлы қазіргі уақытта ханзада Гарридің қызы, ханшайым Лилибеттен кейін таққа мұрагерлік кезегінде сегізінші орында тұр. Бұған дейін жыныстық қылмыстар үшін сотталған Эпштейнмен байланысы тексерілуіне байланысты ол 19 ақпанда ұсталып, шамамен 12 сағаттық жауап алудан кейін полиция бөлімінен босатылған.
Полиция таратқан мәлімдемеде бұрынғы ханзада мемлекеттік қызметтегі ықтимал заңбұзушылыққа күдікке байланысты ұсталғаны және «тергеу аясында» босатылғаны айтылған. Бұл тергеу жалғасып жатқанын, алайда әзірге Маунтбеттен-Виндзорға ресми айып тағылмағанын білдіреді.
AP агенттігінің мәліметінше, полиция 2010 жылы бұрынғы ханзада Ұлыбританияның маңызды сауда мүдделеріне қатысты ақпаратты Джеффри Эпштейнге берген болуы мүмкін деген деректерді тексереді.
Іс бойынша тергеу АҚШ-тағы Эпштейн ісіне қатысты жиналған миллион бет құжаттар жарияланғаннан кейін басталған. Полицияның хабарлауынша, корольдік отбасы мүшесі ресми қызмет атқарған кезеңінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Бірнеше жыл бұрын оның кәмелетке толмағандарды жыныстық саудаға салды деп айыпталған америкалық қаржыгермен тығыз байланыста болғаны белгілі болған еді. Эпштейн 2019 жылы түрме камерасында асылып өлгені белгілі.
Маунтбеттен-Виндзор Эпштейн ісіне байланысты қандай да бір заңсыз әрекет жасағанын үнемі жоққа шығарып, онымен достық қарым-қатынаста болғанына өкінетінін мәлімдеген. Король Карл III тергеуге жан-жақты қолдау көрсететінін айтқан. 2025 жылғы қазанда ол інісін Йорк герцогы атағынан, құрметті лауазымдарынан және бірқатар артықшылықтарынан айырды. Бұған қоса, Эндрю Виндзор қамалы аумағындағы корольдік резиденциядан да қуылды.
Басқа да көптеген атақтарынан ол 2022 жылы айырылған, сол кезде корольдік міндеттерінен де шеттетілген болатын.
Оқи отырыңыз:
- «Эпштейн ісіне қатысы бар»: Бұрынғы британ ханзадасы Эндрю ұсталды
- Ханзада Эндрюдің сарайы: Құлыбаевтың өкілі BBC-ге қарсы сотқа жүгінбекші
- Король Чарльз III ханзада Эндрюді Букингем сарайынан қуып жіберді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық