Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Эпштейн ісіне байланысты ұсталды
Фото: bbc.com
Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсон Джеффри Эпштейнмен байланысып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz РИА новости-ге сілтеме жасап.
Полицейлер Мандельсонды Лондондағы үйінен алып кеткен. Көп өтпей Лондонның Метрополитен полициясы 72 жастағы ер адамның мемлекеттік қызметтегі ықтимал заңбұзушылық күдігімен ұсталғанын растады. Ол жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Қылмыстық тергеу Мандельсонның құпия құжаттарды жіберуіне байланысты басталған. АҚШ әділет министрлігі Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттардың соңғы бөлігін жариялағаннан кейін Мандельсонның 2009 жылы бизнес істері жөніндегі министр қызметінде жүргенде Эпштейнге үкіметтің ішкі құжатын жолдағаны анықталды.
Айта кетейік, 2008 жылы Эпштейн кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және зорлау ісі бойынша айыпталған. Ол кінәсін мойындап, шамамен 13 ай түрмеде отырған. 2019 жылдың шілдесінде ол балаларды сексуалдық қанау мақсатында саудалау және мұндай әрекеттерді сөз байласу арқылы жасау айыптарымен қайта ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, 2002–2005 жылдары Эпштейн Нью-Йорк пен Флоридадағы резиденцияларында ондаған кәмелетке толмаған қыздармен интимдік қатынасқа түскен. Кейбір жәбірленушілердің жасы 14-ке де толмаған. 2019 жылдың тамызында Эпштейн түрмеде өз-өзіне қол жұмсады. Оның сыбайласы Гислейн Максвелл 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бүгінде бұл іске әлемнің назары ауды. Өйткені Эпштейннің былтыр шамамен 20 мың беттен тұратын электрондық хаттары мен белгілі тұлғалармен бірге түскен фотосуреттері жарияланды. Олардың арасында Дональд Трамп, Билл Клинтон, Вуди Аллен, Майкл Джексон, Ричард Брэнсон және Ұлыбритания королі ІІІ Карлдың інісі Принц Эндрю бар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық