Ұлттық банк жаңа 500 теңгелік банкнотты көрсетті
Фото: nationalbank.kz
Қазақстан Ұлттық банкі «Сақ стилі» сериясымен шыққан жаңа 500 теңгелік банкноттың қорғаныш элементтерін таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, жаңа 500 теңгелік банкнота 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енгізілген. Бұл – «Сақ стилі» сериясымен жарық көрген бесінші банкнота. Оның дизайны дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастауы саналатын сақ мәдениетінің көркемдік элементтеріне негізделген.
ҚР ҰБ өкілдері жаңа банкнотты жалған ақшадан ажыратуға көмектесетін бірнеше қорғаныш элементі барын атап өтті. Атап айтқанда, ақша белгісінде арнайы баспа технологиясы — алтын интаглио қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын түстес металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған. Сондай-ақ банкноттың алдыңғы бетінде саусақпен сезілетін рельефті элементтер бар. Бұл белгі көру қабілеті нашар азаматтарға арналған.
Бұдан бөлек, банкнотта үзік-үзік түрде орналасқан монохромды қорғаныс жібі енгізілген. Жарыққа тосқанда ол біртұтас жіпке айналады. Ал банкнотаны еңкейтіп, көлбеу бұрышын өзгерткенде көгілдір түстің лүпілдеп тұратын динамикалық әсері байқалады.
Сонымен қатар ақшада су белгісі — электротип қорғаныш элементі қарастырылған. Банкнотты жарыққа тосқан кезде номиналдың бейнесі анық көрінеді. Ұлттық банк қазақстандықтарға банкноттың түпнұсқалығын қарапайым тәсілдер арқылы тексеруге болатынын еске салды.
Оқи отырыңыз:
Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
Жұмбақ өлім: «Баламды қасақана өлтірді» — Ерзаттың анасы
Мұхтар Ербаянның жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық