ҰҚК 5 млн теңгемен әкімдік алдында ұстаған экс-шенеунік сот залында қамауға алынды

cover Фото: Соттар

Қостанай облысында Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Аязбек Құлназаров сот алдында жауап беріп, оған үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.       

Істі лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталғаны туралы қылмыстық іс бойынша Қарасу аудандық соты қарады.

Сотта анықталғандай, 2026 жылғы наурызда жоғары лауазымды шенеунік шаруа қожалығы басшысына салық бойынша 18 млн теңге көлемінде айырмашылық бар екенін айтқан. Кейін оның ұлына бұл мәселені 7 млн теңгеге шешіп беруді ұсынған.

Осыдан кейін ол Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жүгінген. Нәтижесінде Аязбек Құлназаров аудан әкімдігі ғимаратының маңында 5 млн теңге алып жатқан сәтінде ұсталды.

Тергеу барысында шын мәнінде ешқандай салықтық айырмашылық болмағаны анықталған.

Бұрынғы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы сотта өз кінәсін толық мойындады. Ол бас бостандығынан айырмай, айыппұл тағайындауды сұраған.

Алайда қылмыс ауыр сыбайлас жемқорлық санатына жататындықтан, сот оны 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін сотталған азамат сот залында бірден қамауға алынды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар