Астанада 350 үлескер 5 жыл күткен баспанасына прокуратураның араласуымен ғана қол жеткізді

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Елорада 2020 жылы азаматтар болашақ тұрғын үйге ақшалай қаражат салып, бес жылдан астам уақыт бойы күтсе де құрылыс салушы өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана 350 үлескер өз үйлеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Прокуратура 350 үлескердің мүддесі көрсетілген талап арызды қарап, аяқталмаған құрылыс нысаны жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілді.

Нәтижесінде «Атамари» ТҮ құрылысы аяқталып, үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды.
Жалпы, биылғы жылдың басынан бастап соттар 3,9 млрд теңгеге  277 үлескердің мүддесіне қатысты прокурорлардың 11 талап-арызын қанағаттандырды.

Үлестік құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болады.

Елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар