«Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
Фото: Әлеуметтік желіден
Меркіде 19 жастағы Мадинаның қазасына қатысты жаңа мәліметтер айтылды. Туыстарының айтуынша, қайын жұрты Мадинаның киімдерін беруден бас тартып, «қалың мал бергенбіз» деп жауап қайтарпты, деп хабарлайды Orda.kz.
Меркіде 19 жастағы Мадинаның қазасына қатысты жаңа мәліметтер әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Журналист Жан Ахмадиев марқұмның анасымен бірге оның қайын жұртына барып, Мадинаның киімдері мен жеке заттарын алып кетпек болғанын айтты. Оның сөзінше, марқұмның енесі заттарды беруден бас тартып, «қалың мал бергенбіз» деп жауап қайтарған.
Журналистің айтуынша, олар кеткеннен кейін берілмеген киімдер мен заттар үйдің сыртына шығарылып тасталған. Мадина отбасындағы жалғыз бала болыпты, ал күйеуі марқұмның ата-анасынан кешірім сұрамаған.
Мадинаның анасы журналистке мәйітханада болған жағдайды да айтып берген. Оның сөзінше, қызын алып кетуге барған кезде қайын жұрты мәйітті өздері алып кетуге тырысқан және жерлеуді мүмкіндігінше ертерек өткізуді жоспарлаған. Анасы мұны денедегі жарақаттарды көрсетпеу әрекеті болуы мүмкін деп санайды.
Айта кетейік, бұл — марқұмның анасы мен журналистің айтқан нұсқасы. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында 19 жастағы әйел «Барниге» бола күйеуімен жанжалдасып, кейін қайтыс болды
«Қызымды бірден тани алмадым»: Фельдшер Ұлдананың анасы сотта көз жасына ерік берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық