Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады
Фото: pixabay
22–24 тамыз аралығында Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер мен бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронт әсер етеді. Соның салдарынан көптеген өңірде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда жауын-шашын күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал.
Батыс облыстарда антициклонның ықпалына байланысты жауын-шашын болмайды. Бұл өңірлерде күн ыстық болып, ауа температурасы +34 не 39 градусқа дейін көтеріледі.
Бұған дейін синоптиктер қыркүйек айына да болжам жасап, күздің алғашқы айында ауа райы негізінен климаттық нормаға жақын болатынын хабарлаған. Кейбір өңірлерде күн әдеттегіден жылы әрі жауын-шашынды болуы мүмкін. Сондай-ақ жекелеген облыстарда үсік жүруі ықтимал.
Оқи отырыңыз:
«Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
«Құрылтай» есімі сәнге айнала ма? Әзірге 10 адам бар
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық