Қазақстандықтар Кореяға EPS арқылы қалай жұмысқа орналаса алады? Министірлік талаптарды түсіндірді
Фото: ЖИ
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналаса алады. Министірлік талаптарды жариялады, үміткерлер корей тілінен тест тапсырып, кәсіби білімі мен тәжірибесі бойынша іріктеуден өтуі керек деп хабарлайды Orda.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру үшін іріктеу тәртібін түсіндірді. Іріктеу Алматыда ашылатын EPS орталығында өтеді. Кандидаттар корей тілінен EPS-TOPIK тестін тапсырып, кәсіби білімі мен дағдылары бойынша бағаланады. Олардың білімі, еңбек өтілі және сертификаттары да ескеріледі.
Кімдер қатыса алады?
EPS бағдарламасына 18-ден 39 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Олар сотталмаған, Кореядан бұрын күштеп шығарылмаған және елге кіруге тыйым салынбаған болуы керек. Сондай-ақ шетелге шығуға шектеуі болмауы қажет.
Барлық кезеңнен өткен азаматтар ресми жұмыс іздеушілер тізіміне енгізіледі. Ол үшін жарамды төлқұжат пен медициналық тексеруден өту міндетті. Алайда тесттен өту жұмысқа кепілдік бермейді
EPS-TOPIK тестінен өтіп, кандидаттар тізіміне ену Кореяда жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді. Соңғы таңдауды корейлік жұмыс беруші жасайды.
Кореяға қабылданатын қазақстандықтардың саны жыл сайын Корея тарапы белгілейтін квотаға байланысты. Жұмыс беруші таңдағаннан кейін азаматпен еңбек шарты жасалып, виза рәсімделеді. EPS арқылы Кореяда үш жылға дейін жұмыс істеуге болады. Заңда белгіленген жағдайларда мерзім тағы бір жыл он айға ұзартылуы мүмкін.
Еңбек министрлігі азаматтарды жеке делдалдарға ақша немесе құжат бермеуге шақырды. «Жұмысқа міндетті түрде орналастырамыз» деген уәделерге сенуге болмайды. Тіркеудің басталу күні мен EPS-TOPIK тестінің өткізілу тәртібі туралы ақпарат министрліктің ресми ресурстарында қосымша жарияланады.
Оқи отырыңыз:
Бүгін Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталады: Ертең — «тыныштық күні»
Нақты жобалар 2030-2040 жылдарға қалады: Алматының Бас жоспары қашан бекітіледі?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық