Kanye West концерті Алматыға 5 млрд теңге пайда әкелді
ЖИ жасаған иллюстрация
15 тамызда Алматыда өткен Kanye West (YE) концертіне әлемнің 50-ден астам елінен шамамен 7 700 турист келген. Шетелдік қонақтардың қала экономикасына қосқан үлесі шамамен 5 млрд теңге болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Концертке келген туристер арасында әртістің шетелдегі 2 мыңға жуық жанкүйері бар. Олардың кейбірі әлемдік тур аясындағы бірнеше концертке қатысқан. Шетелдік туристердің көпшілігі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Аустралиядан келген.
Туристердің көптеп келуі Алматыдағы қонақүйлер, қоғамдық көлік, мейрамханалар мен басқа да қызмет түрлеріне сұранысты арттырған. 13–16 тамыз аралығында қаладағы орналастыру орындарының орташа толымдылығы 98 пайызға жуықтаған.
Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, YE концерті биылғы іс-шаралық туризмдегі ең ірі оқиғалардың біріне айналған.
«Бұл — ірі халықаралық іс-шараны қабылдау ғана емес, Алматыны халықаралық аудиторияға таныстырудың да мүмкіндігі. Концерт кезіндегі туристік қызметтерге жоғары сұраныс іс-шаралық туризмнің әлеуетін және оның қала экономикасын дамытудағы маңызын көрсетті», — деді Тоқсейітова.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар Кореяға EPS арқылы қалай жұмысқа орналаса алады? Министірлік талаптарды түсіндірді
Бас прокуратура Құрылтай сайлауында заң талаптарын сақтауға қатысты үндеу жасады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық