Түрген өзенінде су деңгейі көтеріліп, туристер эвакуацияланды
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген өзенінде су деңгейі көтерілді. Осыған байланысты Түрген – Ассы автожолын және өзен маңындағы алты киіз үй мен «Түргенсай» демалыс аймағы орналасқан аумақтарды тасқын су басты, деп хабарлайды Orda.kz.
Туристік нысандар мен туристік аймақтарда жүрген демалушылар эвакуацияланды.Тасқын салдарынан қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірі ішінара бүлінген.
Бұдан бөлек, БАК бойындағы автожолдың 54-шақырымындағы көпірдің су өткізу құрылғысы айналасындағы топырақты су шайып кеткен. Бұл көпір 2024 жылы-ақ апатты деп танылған болатын.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген өзенінің бойында және «Түргенсай» демалыс аймағында демалып жатқан туристерді құтқарушылар көшіргені туралы аудан әкімдігі хабарлады.
«Түрген өзенінің 6–9-шақырым аралығындағы жағалау аумақтарын су басты. Бұл жерде алты киіз үй және «Түргенсай» демалыс аймағы орналасқан. Қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірі ішінара зақымданды», деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.
Сонымен қатар, БАК бойындағы көпір маңында топырақты су шайып кеткен.
Әкімдік мәліметінше жағдай бақылауда. Су тасқыны салдарын жою және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оған Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов, аумақтық бөлімдердің, полицияның және төтенше жағдайлар қызметінің басшылары жетекшілік етуде.
Жұмыстарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Жағдай жергілікті әкімдіктің бақылауында.
Еске салсақ, кеше Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті.
Оған дейін Алматы қаласының Наурызбай ауданында Ақсай өзені аңғары бойында тұратын тұрғындарды алдын алу мақсатында эвакуациялау жүргізіліп жатқанын жаздық. Мұндай шешім сел қаупіне байланысты қабылданды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық