Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды
Иллюстрациялық фото: ТЖМ
Алматы қаласының Наурызбай ауданында Ақсай өзені аңғары бойында тұратын тұрғындарды алдын алу мақсатында эвакуациялау жүргізілуде. Мұндай шешім сел қаупіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Тұрғындарды уақытша Наурызбай ауданындағы мектеп базасында ұйымдастырылған қабылдау пункттеріне орналастырып жатыр.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылған. Сондай-ақ 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған. Соңғы мәлімет бойынша, төрт өтініш келіп түскен.
Ведомство барлық шаралар жоспарлы түрде өтіп жатқанын және жағдай толық бақылауда екенін атап өтті.
Бұған дейін Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты жергілікті хабарландыру жүйесі қосылған болатын. Тұрғындардың ұялы телефондарына шұғыл хабарламалар жіберіліп, дауыс күшейткіштер арқылы да ескерту жасалды.
ТЖМ бұл ескертулердің алдын алу сипатында екенін және таулы аймақтарда жауын-шашынның күшеюі болжануына байланысты берілгенін түсіндірді. Құтқару бөлімшелері, «Қазселденқорғау» мамандары және ТЖД күшейтілген режимге көшірілді.
Сонымен қатар Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына ауа райы тұрақталғанға дейін тауға барудан және демалыстан уақытша бас тарту ұсынылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық