АҚШ Қазақстанға тағы 37 миллиард доллар инвестиция салмақшы
Фото: Ukimet
Астанада өткен «Қазақстан — АҚШ» дөңгелек үстелінде Қазақстан америкалық компанияларға инвестиция салудың жаңа бағыттарын ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Екі жақ сирек жер металдары, Транскаспий бағыты, жасанды интеллект, финтех, агроөнеркәсіп және бірлескен өндірістер саласындағы жобаларды талқылады.
Келіссөздерге премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, президенттің АҚШ-пен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон, «Атамекен» ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев және АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси қатысты.
Қанат Шарлапаевтың айтуынша, америкалық компаниялар тәуелсіз Қазақстанның алғашқы стратегиялық инвесторларының қатарында болған. Қазіргі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық саудадан технологиялық кооперацияға, өндірісті жергіліктендіруге және бірлескен инвестициялық жобаларға ауысып келеді.
Басым бағыттар ретінде критикалық материалдар мен сирек жер металдары, Транскаспий халықаралық көлік бағыты, цифрлық экономика, жасанды интеллект, финтех, агроөнеркәсіп кешені,ғылыми-зерттеу орталықтары аталды.
Осы орайда мнвестиция көлемі 137 млрд долларға жетуі мүмкін. АҚШ Сауда палатасының өкілі Хуш Чоксидің айтуынша, қазіргі таңда АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі 100 млрд доллардан асқан.
«Біз одан әрі өсім үшін үлкен әлеует көріп отырмыз. Инвестиция көлемін 137 млрд долларға дейін жеткізу – қолжетімді мақсат және бұл біздің экономикалық ынтымақтастығымыздың келесі кезеңін білдіреді», – деді ол.
Кездесуге квазимемлекеттік сектор, қаржы ұйымдары және америкалық ірі бизнес өкілдері қатысты. Олардың қатарында:
- Chevron
- ExxonMobil
- Apple
- Mastercard
- Shell
- Honeywell және басқа да компаниялар бар.
Сондай-ақ қазақстандық тараптан «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», АХҚО, Freedom Holding Corp., BI Group секілді ұйымдар қатысты.
Негізгі талқыланған мәселелер қатарында тараптар инвестициялық ахуалды жақсарту, энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, инфрақұрылым, қаржы секторы және Қазақстандағы америкалық бизнестің қатысуын кеңейту мәселелерін жан-жақты қарастырды.
Бұл келіссөздер Қазақстанның халықаралық инвестициялық тартымдылығын арттырып, ел экономикасының жаңа бағыттар бойынша дамуына серпін беруі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық