Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Алматыда ауа-райының қатты ысып көтуі мен соңғы кезде тауға төпеп жауған жауын-шашын салдарынан Алматы маңындағы тау бөктерлерінде қар тез еріп, өзендердегі су деңгейі күрт көтерілді. Сол себепті сел жүріп, қатты су ағыны көпірді жұлып әкетіп, жолды шайып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар қала арқылы өтетін Үлкен Алматы өзені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңындағы жағалаудан асып, тасып жатыр.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда су ағыны асфальт жолды да бұзып кеткені көрінеді. Наурызбай ауданындағы өзен маңындағы аумақты су басып, лай, тас және ағаш бұтақтары келген. Жаяу жүргіншілер аймағының бір бөлігі су астында қалған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында әскери қызметкерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кезекшілік атқарып, су деңгейін бақылауда ұстап отыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының Наурызбай ауданында Ақсай өзені аңғары бойында тұратын тұрғындарды алдын алу мақсатында эвакуациялау жүргізіліп жатқанын жаздық. Мұндай шешім сел қаупіне байланысты қабылданды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Тұрғындарды уақытша Наурызбай ауданындағы мектеп базасында ұйымдастырылған қабылдау пункттеріне орналастырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық